Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Байқау: Қазақтың ұлы ойшылдары

Байқау: Қазақтың ұлы ойшылдары

Шымкент қаласында шығыстың ғұлама ойшылы

Әбу Насыр әл-Фараби мен қазақтың Ұлы ақыны

Абай Құнанбайұлына қойылуы жоспарланған ескерткіш-кешендерінің жобалық ұсыныстарына өткізілетін байқаудың

 ЕРЕЖЕСІ

 

Нысандардың атаулары:

  1. Әбу Насыр әл-Фараби ескерткіші;
  2. Абай Құнанбайұлы ескерткіші

 

Нысандардың орналасатын жері:

  1. Әбу Насыр әл-Фараби ескерткіші- Шымкент қаласының әкімдігі ғимаратының артындағы саябақтың аумағына.
  2. Абай Құнанбайұлы ескерткіші– Абай саябағының кіре беріс аумағына.
  3. Байқауды ұйымдастырушы

— Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы

  1. Байқаудың  мақсаты

— Байқауға ұсынылған жобалардан ең үздігін таңдап алып, іске асыру болып табылады.

  1. Байқаудың шарттары

— Шымкент қаласында қойылуы жоспарланған байқауға ұсынылған ескерткіш-кешендер жобаларына қойылатын негізгі талаптар:

  1. Қысқаша түсініктеме жазбасы;
  2. Ситуациялық сызбасы немесе аэротүсірілімдегі орны;
  3. Бас жоспар (М 1:1000);
  4. Жобаның мақсатын айқындайтын негізгі сызбалар;

— Қас беті және жанынан қарағандағы көрінісі;

— Түнгі жарықтандыру сызбасы немесе түнгі көрінісі (3D);

  1. Компьютерлік кескіндемедегі жалпы көрінісі (3D) немесе макеті;
  2. Қысқаша технико-экономикалық негіздемесі;
  3. Жобалар көлемі 90х60 см планшеттерге орналастырылуы шарт.

 

  1. Байқауды өткізу мерзімі

— Шымкент қаласында шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби мен қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына қойылуы жоспарланған ескерткіш-кешендерінің жобалық ұсыныстарын қарау 2019 жылдың 10 желтоқсанда сағат 15:00-де Шымкент қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, №10 (Шымкент қаласының әкімдігі ғимараты) мекен жайында өткізіледі.

  1. Байқауға қатысу тәртібі

—  Байқауға жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

— Осы байқауға қатысушылар байқау жарияланған күннен бастап      2019 жылдың қараша айының 20 жұлдызына дейін шарттың тармақтарына сәйкес жобаларды Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысыбасқармасына тапсыруы тиіс.Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Түркістан көшесі, 11, ғимараты, тел.: 8(7252)53-64-95 немесе a.tursyn@shymkent.gov.kzэлектрондық поштасына жолдай  алады.

  1. Байқауға қатысты жұмыстарды талқылау

— Байқауға жіберілген жұмыстар сәулет және қала құрылысы саласындағы мамандардан және депутаттардан, қоғам қайраткерлерінен құрылған комиссия отырысында сарапқа салынады. Егер комиссия құрамындағы қандайда бір мүше байқауға сай жұмысын ұсынған жағдайда, өзінің жұмысына баға беруден шеттетіледі.

  1. Жеңімпаздарды марапаттау

— Жеңімпаздарға берілетін сиақы- демеушілік көзі

— Жеңімпаздар дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Жалпы сыйлық қоры  1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгені құрайды.

 

Әл-Фараби ескерткіші Абай Құнанбайұлы ескерткіші
1 орынға 500 000 500 000
2 орынға   200 000 200 000
3 орынға   100 000 100 000

 

Пікір жазу