Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЙДАРМАН КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ОЙЫН ӨТТІ

ШЫМКЕНТ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЙДАРМАН КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ОЙЫН ӨТТІ

Үшінші мегаполистегі қалалық жастар ресурстық орталығында 8 қараша — халықаралық жайдарманшылар күніне орай маусымдық ойынның жартылай финалы өтті, деп хабарлайды қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі А.Жаппардың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жергілікті ішкі чемпионат саналатын бұл ойындар нәтижесінде республикалық деңгейде өткізілетін телевизиялық жобаларға жайдарман топтары дайындалады.

Жартылай финалда өнер көрсеткен 8 команда ішінде «Достық» (Халықтар Достығы университеті), «Капитан» (ОҚМУ), «Million» (Нұр — үміт өнер орталығы) топтары жоғары ұпаймен және «Хештег» (ОҚМУ) командасы әділқазылар алқасының шешімімен ақтық сынға жолдама алды.

Айта кетейік, «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Шымкент қалалық Жайдарман филиалы және Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «JAIDARMAN» ойындарының жаңа маусымы 35 командамен басталған болатын. Ал финалға жолдама алған командалар Шымкент қаласының әкімінің кубогі үшін бақ сынасады.

Пікір жазу