Басты бет » Қала тынысы » САУДА ФОРУМЫНЫҢ АЯСЫНДАҒЫ КӨРМЕ

САУДА ФОРУМЫНЫҢ АЯСЫНДАҒЫ КӨРМЕ

Шымкент қаласындағы «Көрме орталығында» TNT Productions, LLC. Халықаралық көрме компаниясы және оның Қазақстандағы әріптесі «TNT EXPO» ЖШС-нің ұйымдастыруымен «Agritek Shymkent 2019» 8-ші халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі өткізілді, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Форумда АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер болса Шымкенттің ауыл шаруашылығы саласына қарқынды күш салып жатқанына ерекше тәнті екенін жеткізе отырып, шымкенттік шаруаларды және тиісті мамандарды АҚШ-қа тәжірибе алмасуға шақырды.

Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтары, қосалқы бөлшектер, суару және тыңайту технологиялары, жылыжайлар, тұқымдар мен екпелерді, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдары, мал шаруашылығына арналған технологиялар ұсынылды.

Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан елдерінің 50-ден астам компаниялар мен кәсіпорындар қаланың аграрлық саладағы жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, олармен іскерлік байланысты нығайтып, озық технологиялар туралы пайдалы мағлұматтар алды.

 

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*