Басты бет » Қала тынысы » БҰНДАЙ ФОРУМ ШЫМҚАЛАДА БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН!

БҰНДАЙ ФОРУМ ШЫМҚАЛАДА БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН!

Бүгін Шымкент қаласында бұрын-соңды болмаған сауда форумы өтті.

Шымкент қаласы әкімдігі мен АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Rixos Khadisha Shymkent қонақ үйінде өтіп жатқан тоғызыншы жыл сайынғы форумның пленарлық отырысы өтіп, онда фирмаларға аймақтық бәсекеге қабілетті болу және трансшекаралық саудадағы кедергілерді жоюға көмектесу арқылы бәсекеге қабілетті жеке сектордың дамуы және Орталық Азиядағы экспорттың өсу жайы талқыланды.

Форум барысында халықаралық және отандық журналистер мен блогерлердің қатысуымен арнайы баспасөз конференциясы өтті. Онда БАҚ өкілдері АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер мен шаһар басшысы Ерлан Айтахановқа өздерін қызықтырған сауалдарын қойды.

Сауда форумына қатысушылар жаңа технологиялар, инвестициялық мүмкіндіктер, сауда ынтымақтастығы мен жаңа серіктестерді іздеу үшін нетворкингтің перспективалары туралы ақпарат ала алады. Сонымен қатар, іс-шара ұйымдастырушылары қатысушыларға экспортты дамыту және сапа жағынан менеджмент бойынша практикалық сабақтар өткізеді.

 

Асхат Әссандидің фоторепортажы.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*