Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: ЖАҢА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕГІ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

ШЫМКЕНТ: ЖАҢА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕГІ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

Жақында Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов бюджеттен бөлінетін қаржыны тиімді пайдалануға қатты мән беруді сөз еткен болатын. Ескертуден Шымкент қаласының барлық аудан әкімдері қорытынды жасап, келесі жылғы жоспарларында өзгерістер енгізіп отыр.

Бүгін Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Ғалымжан Төлепов БАҚ-на жинап, 10 айлық есеп берген болатын. Аумағы жағынан — 49704 шаршы шақырымды құрайтын 10 тұрғын алабы мен 24 шағын ауданы бар Абай ауданында 322 911 мың адам тұрады екен. Бұл жалпы Шымқала халқының 32 пайызын құрайды.

Жаңадан құрылып жатқан Абай ауданына қарасты елді мекендерде ауыз су проблемасы қарастырылып жатқаны қуантады. «Аудан аумағындағы 34 елді мекеннің 76.6% ауыз сумен толық қамтылған, 23,5% құдық және тасымалды ауыз суларын пайдаланады» — деді, Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Ғалымжан Төлепов брифинг барысында. Ауыз су жоқ Ақжар, Айкөл елді мекендеріне «СодбиСтрой» мекемесінің көмегімен ауыз су жүйелері тартылып, 2019-2020 жылдары халыққа толық пайдалануға тапсыру жоспарланып отырғандығын жеткізді.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*