Басты бет » Қала тынысы » АБАЙ АУДАНЫ ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫН

АБАЙ АУДАНЫ ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫН

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық — коммуникациялық орталығында Абай ауданының әкімі Ғ.Төлеповтің қатысуымен баспасөз брифингі өтті.

Брифингте әкім ауданның тыныс — тіршілігіне қатысты атқарылып жатқан шаруалары мен алдағы жылғы жоспарларымен бөлісті.

Сондай-ақ, брифингте Қазығұрт мөлтек ауданындағы №60 маршруттағы автобустың да жағдайы айтылды. Құтырған иттердің көбейгені жайлы да ескертілді. Жергілікті тұрғындардың өтініштерін алып келген журналист ағамыз, онға жуық тұрғынның қолы қойылған өтінішті Абай аудананың әкімі Ғалымжан Төлеповтің өз қолына берді. Қазығұрт шағынауданындағы мәселелерді өз кезегінде Абай ауданының әкімі Ғ.Төлепов ертерек қарастыруды уәде етті.

«Абай ауданындағы 453 көпқабатты тұрғын үйлердің 424 орталық жылу жүйесіне қосылған болса, 29 көпқабатты үй, атап айтқанда: Жаңаталап тұрғын алабында 5 үй, Қызылжар тұрғын алабында 16 үй және аудан орталығында 8 тұрғын үй жеке қазандыққа көшкен.

Қазіргі таңда аудан аумағындағы тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандарға жылу толық берілген»-деп, атап өтті аудан әкімі Ғалымжан Төлепов.

.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*