Басты бет » Қала тынысы » Абай ауданында бірлескен жиын өтті

Абай ауданында бірлескен жиын өтті

Абай ауданының әкімі Ғ.Төлепов төрағалығымен аудан аумағындағы көпқабатты және жеке тұрғын үйлердегі өрттің, иісті газбен улану жағдайларының алдын алу бойынша жиналыс болып өтті. Жиынға Абай ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары қатысты.

Олар аудандағы қалыптасқан өрт жағдайын, оны тұрақтандыру шараларын талқылады.

Сонымен қатар, Абай ауданы әкімі аппаратының мамандарынан, Абай ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің мамандарынан, аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторларынан және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның мамандарынан тұратын 5 жұмыс тобы құрылды, олар 5 бағытта үгіт — насихат жұмыстарын жүргізеді.

Жұмыс тобы Жиделі, Қатынкөпір, Ынтымақ-2, Солтүстік Батыс, Қазығұрт шағын аудандарында және Жаңаталап, Тәуелсуздікке 20 жыл, Ақтас, Ақжар тұрғын алабтарында  бірлесіп рейд жүргізді. Аталған елді мекендерегі қатты отын пайдаланатын тұрғын үйлердің мұржаларын тазалау, жеке және көпқабатты тұрғын үйлердегі газ және жылыту қондырғыларын пайдалану ережесін қатаң сақтау бойынша қауіпсіздік шараларын жүргізіп, арнайы жаднамалар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Мобильді топтардың жұмысы жылыту маусымының соңына дейін жалғасады.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*