Басты бет » Қала тынысы » АРТҚАН СЕНІМ АҚТАЛДЫ

АРТҚАН СЕНІМ АҚТАЛДЫ

Қазақстандықтардың сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, тіл мәдениетін дамыту, ұлттық дәстүр мен өнерді насихаттау мақсатында 2019 жылдың 8-9 қараша күндері Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында өткен «Текті сөздің төресі – терме» жыршы-термешілердің республикалық конкурсында Шымкент қаласының намысын қорғаған Шымкент Саз колледжінің студенті Шынболат Айдана Асылжанқызы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып 1-орынды еншіледі.

Ұлттық тәрбие мен халықтық өнерді насихаттауға бағытталған бұл байқаудың басты мақсаты жаңа жыр-термелерді тудыру арқылы жыршылық, термешілік өнерге жаңаша серпін беру және әдеби тілді дамытуға, тіл мәдениетін жетілдіруге үлес қосу мақсатында өткізілген байқаудың тәрбиелік маңызы үлкен.

Осындай айтулы байқауда небір талантты жыршы — термешілермен бірге танымал әншілер өнер көрсеткен байқаудың бірінші жүлдесі Шымкенттік аруға бұйырғаны көңіл қуантады.

Алдағы уақытта Айдана Асылжанқызына толағай табыс, шығармашылық байлық тілейміз. Алар асуың көп болсын! «Өнер халықтың өз ішінен басталады» демекші, біздің қазақ өнерінің дәстүрлі ән қазынасына өз үлесін қосып жүрген талант иесіне өнер жолында қанаты талмауын, қонар биігі құзар шың болуын тілейміз!

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*