Басты бет » Қала тынысы » Шымкенттік полицейлер балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқорлығына алды

Шымкенттік полицейлер балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқорлығына алды

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 2019 жыл «Жастар жылы» болды. Сонымен қатар, еліміздің үшінші мегаполисінің әкімі Шымкентті «қайырымды қала» деп атауды ұсынды, деп жазады Шымкент қалалық ПД-нің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың басында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері департамент бастығы полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетовтың бастамасымен Шымкент қаласының №4 Сайрам балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқорлығына алды. Осы уақыт ішінде полицейлер балаларға бірнеше рет барып, қуанышқа бөлеген болатын.
Ағымдағы жылдың 9 қарашасында Шымкент қалалық ПД Жедел басқару орталығының қызметкерлері киім-кешек, түрлі ойыншықтар мен спорттық құрал — жабдықтар сатып алып, балаларға қонаққа барды. Полицейлердің игі ісіне дүкен сатушылары да қосылып, сыйлықтар алуға көмектесті.
№4 балалар үйі тәрбиеленушілерінің полицейлермен әр кездесуі мейірімді және жарқын мерекеге айналады. Әр жолы балалар көтеріңкі көңіл-күйде болып, өздері үшін маңызды жылулық пен қамқорлықты сезінеді.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*