Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: АРБАДАҒЫ БИ ЖАРЫС

ШЫМКЕНТ: АРБАДАҒЫ БИ ЖАРЫС

Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында арбадағы биден клуб біріншілігіне арналған жарыс болып өтті.Оған арнайы сайыстардан іріктелген 5 жұп қатысты, деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Н.Әбдіраштың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорт пен дене тәрбиесін жетілдіру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Қаламыздағы мүгедектерге арналған спорт мектебінде 18 спорт түрінен арнайы мамандар 372 мүгедек спортшыға дәріс беруде. Мұзрафша Абылаев басқаратын осы мектептен арбадағы биден Азия чемпионы Ермек Қалымбетов тәрбиеленді Ол ұлттық құрама сапында әлемдік гран приге қатысты.Ермектің осы жеңісі көптеген спортшылардың ынтасын оятты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары аясында қалалық біріншілік ұйымдастырылды. Жарыстың ашылуы кезінде спорт мектебі директорының орынбасары Дана Ізтаева мен Нұртас Ахметов сынға түсіп жатқан бишілерге табыс тіледі.

Жарысқа қатысушы әрбір спортшы параолимпиада бағдарламасына енген үш жаттығу бойынша өз өнерлерін көрсетті. Нәтижесінде бас жүлдені Айдана Мұханова жеңіп алды. Диана Анарбекова мен Жайна Шыршықбай жүлделі екінші орынды алса,Еңлік Әбдумүтәлі қола медальді қанағат етті. Ал ерлер арасында Асқат Ахметжан үздіктер қатарынан көрінді. Енді жеңімпаздар республикалық іріктеу сынына қатысады. Одан кейін шет ел аренасындағы жүлделер күтіп тұр. Ол үшін жаттығу жұмыстарын жетілдіре түсу керек

 

Пікір жазу