Басты бет » Қала тынысы » ӨЗ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦЕЙІҢІЗДІ ТАНИСЫЗ БА?

ӨЗ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦЕЙІҢІЗДІ ТАНИСЫЗ БА?

«Өзіміздің полиция». Шымкент қаласында осындай атаумен акция өтуде, , деп хабарлайды «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі Н.Әбдірашиттің материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Қалалық ішкі істер департаментінің ұйымдастырумен өтіп жатқан шараның мақсаты – қала тұрғындары мен тәртіп сақшыларының арасында тығыз байланыс орнату. Бұндай шаралардың қаншалықты тиімділігі болады?

Халықпен тығыз қарым қатынас жасау, ашық жұмыс істеу, көпшілікпен бірге орын алып жатқан құқықбұзушылықтың алдын алу. Бүгінгі учаскелік полицейге қойылатын басты міндет осы. Қазіргі таңда қаламыз бойынша 369 учаскелік полицей қала тұрғындарының тыныштығын күзетіп, өтініш тілектерін орындау мақсатында қызмет етуде.

Данабай Әлиев – Шымкент қаласы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бөлімше бастығыУчаскелік инспекторлар халықпен тығыз жұмыс істейтін полицияның өкілі болғандықтан, әрбір үй, пәтерлер аралап, тұрғындарға өздерінің визиткаларын, ұялы телефондары, керек ақпараттары бар брошураларын таратты. Бұдан бөлек қылмыстың алдын алу, оның ішінде пәтер ұрлықтарының жиі орын алатындықтан осы бағытта тұрғындармен «Қазақтелеком» мен бірлескен келсім шарт түзу арқылы үйлердің кіреберісіне, аулаларына камералар орнату бағытында жұмыс атқардық. 

Жалпы, Шымкент қаласы бойынша қазіргі таңда учаскелік полицейлердің атқарып жатқан жұмыстары орасан.Осы екі айға жалғасқан акция барысында 182 257 пәтерлер мен жеке үйлер тексерілді. Сонымен қатар инспекторлар қала тұрғындарына 396 942 визитка, 321 450 жадынамалар үйлердің кіре берісмен аулаларға жабыстырлыған. Айта кетейік, бұл жұмыстардың нәтижесі де жоқ емес, қала тұрғындарының көмегімен 38 қылмыс ашылған. Оларға полиция департаменті 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 25250 теңгеден сыйақы берілген.

 

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*