Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: «Жастар ресурстық орталығына» басшы тағайындалды

ШЫМКЕНТ: «Жастар ресурстық орталығына» басшы тағайындалды

Шымкент «Жастар ресурстық орталығына» басшы тағайындалды.

Бүгінге дейін «Jol entertainment» ЖШС директоры қызметін атқарған.
Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жаңа басшысы болып Молдабеков Бауыржан Қамбарбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды ernur.kz порталына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Бауыржан Қамбарбекұлы 1990 жылы 10 қаңтарда Шымкент қаласында туған. Еңбек жолы 2012 жылы Шымкент қалалық Шымкент жастары орталығының әкімшілік және шаруашылық бөлімінің басшысы; 2013 жылы Шымкент қалалық «Шымкент жастары» КММ жұмыспен қамту және мониторинг бөлімінің басшысы; 2014 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар орталығы» КММ жастарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру бөлімінің басшысы; 2018 жылы «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы; 2018 жылы Шымкент қаласының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
Бауыржан Қамбарбекұлына жаңа қызметте сәттілік тілеп, абыроймен атқаруына тілектеспіз!

Пікір жазу