Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Банк » БАНКТІҢ ЖАҢА КЕҢЕС ОРТАЛЫҒЫ

БАНКТІҢ ЖАҢА КЕҢЕС ОРТАЛЫҒЫ

Еліміздің үшінші мегаполисі – шырайлы Шымкентте Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жаңа кеңес беру орталығы ашылды. Ендігі жерде депозит ашып, кеңес алғысы келген қала тұрғыны өзіне ыңғайлы орталыққа бару мүмкіндігіне ие болды.
Жаңа заманауи форматта жабдықталған Халыққа кеңес беру орталығы Қонаев гүлзары мен Рысқұлов көшесі қиылысындағы «Автомир» сауда орталығында орналасқан. Осылайша, жеке кеңесшілер желісі бар Қазақстандағы жалғыз банктің қаламыздағы кеңес беру орталықтарының саны артты.

Бұдан бөлек Шымқаладағы кеңес беру орталықтары Рысқұлов көшесіндегі «Гипер Хаус» сауда орталығында, Қонаев даңғылы бойындағы «Алтын» сауда үйінде, Асқаров көшесі, 32 үйде және Рысқұлов көшесі бойындағы «Север» сауда үйінде орналасқан. Банк кеңесшілерінің көмегіне жүгініп, депозит аштырған клиенттер автоматты түрде баспана сатып алуға қажетті қарапайым әрі тиімді жоспар құрып бере алатын жеке қаржы кеңесшісіне ие болады. «Бүгінгі таңда 1,5 миллион қазақстандық мемлекеттік қаржы интситуты – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне сенім білдіріп, 350 000 мың адам осы жылы депозит ашып, салымын бастады. Шымкент қаласы бойынша 97 708 салымшының жалпы жинағы – 43,2 миллиард теңгені құрап отыр. Кредиттік портфель – 43,2 миллиардты құраса, үстіміздегі жылы 23,4 миллиард теңгеге 2 167 несие берілді. ТҮҚЖБанкінде қаржысын жинақтай отырып, салымшылардың ең тиімді төмен пайыз 2% – 8% аралығында баспана алу мүмкіндігі бар. Қаржысын жинақтай отырып, банк вознаграждениесінен бөлек, жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақысына да ие болады. Оның мөлшері 20% құраса, 505 мың теңге салып, 101 мың теңге сыйлықақы ала аласыз! Ол үшін 31 желтоқсанға дейін депозитті толтырып үлгеру қажет», – деді ТҮҚЖБ Шымкент филиалы бөлім басшысы Нұрлан Сұлтанов бізбен әңгімесінде.

© Асхат ӘССАНДИ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,
ақпараттық агенттік тілшісі

Пікір жазу