Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРДАГЕРГЕ ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

АРДАГЕРГЕ ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Ұлы Отан соғысының ардагері Жұмағұлов Рсметке Ленгір қаласының 1 мөлтек ауданында 2 бөлмелі үйдің кілті табысталды.

Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, аудан әкімі Бауыржан Омарбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев майдангерді жаңа баспанасымен құттықтап, арнайы сыйлықтарды табыстады.

99 жастағы ардагер бұған дейін Ленгір қаласы, С.Сәулембаев көшесінің 64 үйінде тұрған. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай және де баспана кезегінің келуіне байланысты жаңа пәтердің кілті берілді. 4 ұл 5 қыз тәрбиелеп өсірген ақсақал бүгінгі күнде отбасының ұйытқысы болып отыр.

Айта кетейік, биыл  екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл толып отыр. Бүгінде жалпы еліміз бойынша қан майданға қатысқан ардагерлердің саны күннен-күнге азайып келеді.

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне деген мемлекеттің қамқорлығы ешқашан толастамауы тиіс. Әрқашан ардагерлерімізді ардақтап, қарттарымыздың қадіріне жете берейік.

Пікір жазу