Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРЫС ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІН ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ

АРЫС ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІН ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, қала әкімдігінің мәжіліс залында, Арыс қаласында 2019 жылдың әлеуметтік — экономикалық дамуының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстардың есебінің кезекті жиыны өтті, деп жазады Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.


Жиынды қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев ашып, жүргізіп отырды.
Қала әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлы қала тұрғындарының алдында 2019 жылы атқарылған жұмыстардың есебі бойынша баяндама жасап, 2020 жылы атқарылатын жұмыстарды атап өтті.
Есепті жиынға қала және ауылдық округ тұрғындары, облыс әкімінің орынбасары Аманбаев Жолдымұрат Ермұханұлы, қала әкімінің орынбасарлары, депутаттар, дербес бөлім басшылары мен мекемелердің жауапты қызметкерлері қатысты.


Шара барысында қаламыздың құрметті азаматы О.Арыстанбаев пен «Арыс» жалпы орта мектебінің директоры Г.Есілбековалар жарыссөзге шығып, ұсыныстары мен пікірлерін жеткізді.
Еркін форматта өткен жиынға қатысқан тұрғындар сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерін айтты. Қала басшысы М.Қадырбек көтерілген мәселелер бойынша заңға сәйкес тиісті жауаптар беріп, бақылауға алды.


Арнайы жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ж.Аманбаев, шаһар басшысы М.Қадырбектің басшылығымен қала аумағында атқарылған игі жұмыстарға оң бағасын беріп, бүкіл әлемге ынтымақ мен бірліктің үлгісі бола білген Арыс халқына алғысын білдірді.

Пікір жазу