Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР

«Түркістанның күні де, түні де жайлы болуы керек!». Бұл шаһар басшысы Рашид Абатұлының бүгінде алға қойған басты жоспарларының бірі. Мақсат – қаланы жарық ету және қауіпсіздікті жоғарылату. Тек көше жиегін емес, бойындағы ғимараттар да жарықшамдар арқылы ерекше кескінге, көрікті келбетке ие болып қана қоймай, қауіпсіздікті жоғарылатады.


Өткен кездесулерде: «Қаламызда мұндай жарықтарды қажет етіп тұрған 300-дей ғимарат бар. Әр ғимаратты сапалы, әдемі істеу үшін 1,5 ай керек. Мен істей аламын, қолымнан келеді десеңіздер, біз қолдау көрсетуге дайынбыз» деген еді қала басшысы Рашид Абатұлы.⠀
Міне қазір, түрлі жобалар ұсынылып, қарастырылып жатыр. Жарықшамның орнын ғана ауыстырып, жарықтандыру күшін әлдеқайда жақсартуға болады. Дұрыс орнатылған жарықшам қаржыны да үнемдеуге, көшелерімізді қауіпсіз етуге де көмектесе алатыны сөзсіз.⠀


Ендеше, назарларыңызға бүгінгі келбеті қалай және болашақта қалай болар еді? Фотосын ұсындық.
Айта кетейік, жарықтандыру жұмыстары наурызға дейін, ал біршамасын күз мезгілінде аяқтау жоспарда.

Пікір жазу