Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ШАРДАРА: МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫС ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТКІЗІЛДІ

ШАРДАРА: МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫС ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТКІЗІЛДІ

Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2020 – Еріктілер жылындағы «Саулық» жобасы аясында Кеңес әскері шектеулі контигентінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына арналған мүмкіндігі шектеулі ұлдар және қыздар арасында қол күрес, гір көтеру, шахмат, арқан тару, тоғызқұмалақ және дойбы ойындарынан Шардара ауданының ашық біріншілігі өтті. Бұл туралы Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне сілтеме жасаған  didarbek.kz хабарлайды.

Жарысты ашып беру үшін Шардара ауданы әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы жарыстың мақсатына кеңінен тоқталып өтіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар Ордабасы ауданы мүгедектер қоғамы бірлестігі төрайымы Айбек Зауре және Сайрам ауданы мүгедектер қоғамы төреғасы Алмасбек Тукеевті аудан әкімі орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы бағалы сыйлықпен марапаттады. Аталған жарысқа Түркістан облысына қарасты аудандардан келген командалар қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.

Алғашқы жарыс армрестлингтен 65 кг салмақ дәрежесінде: І орын Шардахметов Қ., ІІ орын Үшмұратов Ж., ІІІ орын Смайлов Е.

Армрестлингтен +65 кг салмақ дәрежесінде: І орын Жадігеров Е., ІІ орын Құралбаев Ұ., ІІІ орын Медетбаев А.

Гір көтеруден +65кг салмақта:  І орын Құралбеков М., ІІ орын Шардахмет Қ., ІІІ орын Жәдігер Е.

Шахматтан ұлдар арасында: І орын Яхияев А., ІІ орын Алдабергенов М., ІІІ орын Ахметов Е.

Тоғызқұмалақтан ұлдар арасында: І орын Төлебаев Ө.,  ІІ орын Смайлов Е., ІІІ орын Арипбаев Н.

Тоғызқұмалақтан қыздар арасында: І орын Бигелова А.,  ІІ орын Аитек З.,  ІІІ орын Жүсіп С.

Дойбы ойынынан қыздар арасында: І орын Садуова М.,  ІІ орын Мұратқасымова Ә., ІІІ орын Жүсіп С.

Дойбы ойынынан ұлдар арасында:  І орын Касимов С.,  ІІ орын Бегалиев Қ., ІІІ орын Наматаев Х., Арқан тартудан: І орын Сайрам ауданы, ІІ орын Шардара ауданы,  ІІІ орын Ордабасы ауданыү

Жалпы командалық есепте: І орын Шардара ауданы., ІІ орын Сайрам ауданы.,  ІІІ орын Ордабасы ауданы жеңіс тұғырынан көрінді.

Жарыс соңында жеңімпаз командалар  грамота, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Пікір жазу