Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Шардара: «Nur Otan»-да қабылдау өттi

Шардара: «Nur Otan»-да қабылдау өттi

Шардара ауданының әкімі  Қайрат Жолдыбай «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында қабылдау өткізді деп жазады, аудандық «Өскен өңір» газетіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

“Әкiм бол, халқыңа жақын бол” деген қағиданы берiк ұстанған аудан әкiмi Қайрат Жолдыбайұлы жыл басынан берi аудан тұрғындарымен жүйелi түрде кездесулер өткiзiп, олардың талап-тiлектерiн тыңдап, шешу жолдарын қарастырумен келедi. Аудан басшысының осындай кезектi қабылдауы жуырда «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында өткiзiлдi. Қайрат Жолдыбайұлы жеке қабылдауға келген онға жуық тұрғынның өтiнiштерiн тыңдады.
Қабылдауға келген Избаева Шарипа, Шамсонова София, Мұратов Оразалыларға тұрғын үй кезегi бойынша қалада салынып жатқан үйлерден тұрғын жай қарастырылатындығын, аудандық бiлiм бөлiмiнiң бас маманы Дариға Нұсқабаеваға мемлекеттiк қызметкерлерге қазiргi таңда жеке үй бөлу санаты қарастырылмағандығы, сондықтан жалпы кезек бойынша тұрғын үй берiлетiндiгi түсiндiрiлдi. Ал, бес баласы бар Раманқұлова Гүлзинаға көп балалы ретiнде кезекке тұруы керектiгi жөнiнде кеңес берiлдi. Сол сияқты қабылдауға келген Итқұлова Флюра мал ұрлығы, Смайлова Қызжiбек Шәкәрiм көшесiне тас төсеу бойынша өтiнiштерiн айтып, тиiсiнше жауаптар алды.
Қабылдауға «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Ерғалы Қарымсақов, аудан әкiмi аппаратының басшысы Ғалымжан Амантай қатысты.

Пікір жазу