Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ӘУЕЛХАН ТҰРҒЫМБЕКОВ ШАРДАРАЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРМЕН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ӘУЕЛХАН ТҰРҒЫМБЕКОВ ШАРДАРАЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРМЕН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Әуелхан Тұрғымбеков Шардара ауданына келіп, тұрғындармен жеке қабылдау өткізді, деп жазады Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Аудан әкімдігінде өткен жеке қабылдауға алдымен кірген қала тұрғыны Құрсан Әсілтаева былтырғы жылы көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілгенін айта келе осы жұмыстар биыл да жалғасын таба ма деген сауал қойды.


Бұл сауалға Әуелхан Елтайұлы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында Шардара қаласында 24 көпқабатты тұрғын үйлердің ЖСҚ-сы дайындалғанын айтты. Жөндеу жұмыстарына 520 млн теңге қаржы қарастырылып, бөлінген жағдайда ол үйлерге кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.
«Мемлекеттік қызмет туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілуіне байланысты мемлекеттік қызметкерлерге қандай көмектер мен жеңілдіктер қарастырылған?» деп сұраған жас маман Нұржан Әлімжанға Әуелхан Тұрғымбеков мемлекет тарапынан жас мамандарға көрсетіліп жатқан қолдаулар жөнінде айтып берді. Мұнан кейінгі жеке қабылдауға кірген аудандық қоғамдық Келісім Кеңесінің төрағасы Қыстау Ілесов Сырдария өзенінің Сүткент ауылынан өтетін тұсындағы бөгетті жөндеуден өткізуге қаржы бөлдіртуін сұраса, қала тұрғыны Гаухар Тұрлыбекова жаңа форматтағы әлеуметтік көмектің көлемі мен оның шарттары жөнінде сауал қойды. Қаладағы №14 бекет мөлтекауылының тұрғыны Байдулла Рахматуллаев Шардара-Арыс тас жолының мәселесін көтерді.


Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-тілектерге Әуелхан Елтайұлы нақты дәлелдермен жауаптар қайтарып беріп отырды. Сүткент ауылының тұсындағы Сырдария өзеніндегі бөгетті күрделі жөндеуден өткізу бойынша 158,7 млн теңгеге ЖСҚ әзірленіп, ол жоба қаржыландыру үшін облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасына жіберілгенін айтса, жалғызбасты анаға әлеуметтік көмекті тағайындаудың тәртібі түсіндірілді. Ал, Шардара-Арыс тас жолындағы жөндеу жұмыстары облыс әкімінің тікелей бақылауында тұрғанын айта келе, бұл нысандағы жөндеу жұмыстары биылғы жылы аяқталатынын жеткізді.
Облыс әкімі аппаратының басшысы Әуелхан Тұрғымбековтің тұрғындарды жеке қабылдауы барысында аудан әкімі Қайрат Жолдыбай бірге болып, өзіне тиісті сауалдарға жауап беріп отырды.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*