Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Шардара: Депутат демеушiлiк жасады

Шардара: Депутат демеушiлiк жасады

Шардаралық халық қалаулысы «Қамқор» бағдарламасы аясында демеушілік жасады, деп жазады, аудандық «Өскен өңір» газетіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

Шамаң келiп тұрса күнде бiр жақсылық жасап тұрғанға не жетсiн! Өз еңбегiнiң жемiсiн көрiп, несiбесiн кәсiпкерлiктен тауып жүрген ауданымыздың азаматтары бiр мезгiл уақыттарын бөлiп, қамкөңiл жандарға өз көмектерiн көрсетiп, қол ұшын беруден де шет қалған емес.
Осындай жандардың бiрi аудандық мәслихат депутаты, “CASCOM” жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң басшысы Айдос Сүндетәлi.


Ол облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес «Қамқор» бағдарламасы аясында өткен апта соңында өз есебiнен демеушiлiк жасап, қаладағы аз қамтамасыз етiлген отбасында мүмкiндiгi шектеулi жандары бар және жалғыз басты, көпбалалы аналар отбасының бiразына ұн, өсiмдiк майын, шай, қант, картоп, пияз, тұз және макарон салынған азық-түлiк себетiн тарқатып, көпшiлiктiң ризашылығына бөлендi. Нысанбай Данияр, Жаппар Сабина, Амансатова Хатича және Симакина Валентинаның отбасылары бiр апталық азық-түлiкпен қамтылды.
Алдағы кезде де депутат, кәсiпкер Айдос Сүндетәлi осындай аз қамтамасыз етiлген отбасыларға азық-түлiк себетiнен бөлек коммуналдық төлемдерi, үйдi жалға алу жөнiндегi төлемдерiн төлеп, мұқтаждықтарына қарай қаржылай да көмек көрсетпек.

 

Пікір жазу