Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Ө.ШӨКЕЕВ САЙРАМ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

Ө.ШӨКЕЕВ САЙРАМ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Сайрам ауданына келді. Облыс басшысы әуелі Сайрам ауданынан өтетін облыстық маңызы бар КХ-97 «Ақсу – Шымкент» автомобиль жолының қайта құру жұмыстарымен танысты.

Бұдан кейін Өмірзақ Естайұлы облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек – Ақсу – Шаян – Мыңбұлақ» автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары қажеттігіне көз жеткізді. Аудан орталығы Ақсукент елді мекенін ретке келтіру жұмыстарын бағамдады.

Әрі қарай облыс əкімі Өмірзақ Естайұлы Ақсукент ауылдық округіндегі аудандық емхана мен жедел жәрдем станциясының құрылыс жұмыстарымен танысты.

Емдеу мекемесі ауысымына 500 адам қабылдауға қауқарлы. Жақын күндері кəріз жүйесінің жұмыстары аяқталып, медициналық құрал-жабдықтар толық орналастырылған соң пайдалануға берілмек.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Сайрам ауданындағы жұмыс сапарын Ақсукент ауылдық округінде орналасқан «АЙКАН» ЖШС сүт зауытында қорытындылады.

«AYKAN» ЖШС сүт өнімдерін өңдейтін зауытының ашылу салтанатына қатысты. Аталған өндіріс орны «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында» іске қосылған.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 100 млн теңге және 24 млн теңге көлемінде инвестициялық субсидияға қолдау көрсетілген. Жаңа өндіріс орнында тәулігіне 100 тонна сүт өндіріледі.

80 адам тұрақты жұмыспен қамтылған өндірісте түрік технологиясымен ірімшіктің 9 түрі шығарылады.

Пікір жазу