Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Болашаққа деген ортақ жауапкершілігіміз — қоғамды біртұтастыққа бастайды

Болашаққа деген ортақ жауапкершілігіміз — қоғамды біртұтастыққа бастайды

Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы А.Қабылбеков және Аналар кеңесінің төрайымы Ү.Мұратбекова мен облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалы басшысы А.Сайтмуратов Қарасу ауылындағы №28 Ақбай мектебінің жоғары сынып оқушылары арасында өткен тәрбие сағатына қатысты.


Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы А.Қабылбеков оқушыларға түрлі этнос өкілдері арасында ұлттар мен ұлыстардың достығын, ынтымақтастығын дәріптеп, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, этностардың салт — дәстүрлерін сақтауға шақырды.
Аналар кеңесінің төрайымы Ү.Мұратбекова «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын біріктіруші құндылықтары – азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық және этносаралық келісім мен толеранттылықты одан әрі нығайтуға шақырды.


Облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалы басшысы А.Сайтмуратов әрбір азаматтың этностық тегіне қарамастан өзінің тағдыры мен болашағын Қазақстанмен байланыстыруына негізделетінін, ортақ тарихымыз, бүгінгі тіршілігіміз, болашаққа деген ортақ жауапкершілігіміз қоғамды біртұтастыққа бастайтындығын насихаттады.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*