Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Төлеби ауданының әкімі Ленгір қаласы тұрғындарының алдында есеп берді

Төлеби ауданының әкімі Ленгір қаласы тұрғындарының алдында есеп берді

Өткен жылы ленгірліктер үшін көптеген игілікті істер атқарылды, алда атқарылатын істер де аз емес. Осы және аудандағы басқа да мәселелер Төлеби ауданы әкімі Бауыржан Омарбековтің Ленгір қаласының тұрғындары алдында есеп беру кездесуінде айтылды, деп жазады Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.


Төлеби және Ә.Бектаев көшелеріне 8 дана жаңа үлгідегі аялдамалар, Төлеби көшесінің орталық алаң маңына 2 жақтама LED экран орнатылды. Орталық алаң мен Төлеби баба ескерткішінің маңын абаттандырып, су бұрқақ, ұялы телефон қуаттағышы бар орындықтар, түнгі жарық шамдары мен астынғы төсенділері ауыстырылған. Қала бойынша 2 жерге балалар ойын алаңшалары мен 2 жерге стрит воркауттар құрылып, Новостроевка елді-мекеніндегі арка қайта жаңғыртудан өткізіліп жарықтандырылған.


«Ленгерка» өзенінің үстінен өтетін Н.Свинарчук, “Нұртас” кафесінің арт жағы, Чкалова, Сейфулина көшелері бойындағы жаяу жүргіншілер көпірлері жөндеуден өткізіліп, Север мөлтек ауданына баратын жол бойына тротуар төселген.

2019 жылдың 2-ші жарты жылдығында 22 ішкі көшелерді орта жөндеуден өткізу жұмыстары басталып, бүгінде жұмыстар жалғасатын болады. Одан бөлек Республикалық бюджет есебінен орталық Төлеби көшесі мен Ә.Бектаев көшелерінде орта жөндеу, абаттандыру жұмыстары орындалуда.

«Оңтүстік жарық транзит» ЖШС-нің «ИНВЕСТ» бағдарламасы аясында 2019 жылы Төлеби, Мамедова, Қазақстан көшелеріндегі 271 дана электр бағаналары және 16,1 шақырым электр желілері, Қозғамбаев көшесіндегі 1 дана трансформаторы қуаттылығы жоғары трансформаторына ауыстырылды.

Пікір жазу