Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БИЫЛ ЛЕНГІР ҚАЛАСЫНЫҢ 12 КӨШЕСІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

БИЫЛ ЛЕНГІР ҚАЛАСЫНЫҢ 12 КӨШЕСІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Биыл Ленгір қаласының 12 көшесі жөндеуден өтеді. Төлеби ауданы әкімі Бауыржан Омарбековтің Ленгір қаласының тұрғындары алдында есеп беру кездесуінде әкімдік тарапынан 2020 жылы атқарылатын жұмыстар туралы айтты, деп жазады Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

Өз кезегінде аудан әкімі 2020 жылға қойылған мақсатты жұмыстарды тарқата айтып берді.
Алдағы уақытта, Ленгір қаласы Қапал батыр-Оқжетпес көшелерінің жол қиылыстарына 4 жақтама 1 дана бағдаршам орнату, орталық көшелердің халық көп жүретін жерлеріне 2 дана бейне бақылау орнату жоспарлануда.

Самал тұрғын-үй кешенінің 10/0,4 кВ электр желілерінің құрылысын жүргізуге және Қазығұрт тұрғын-үй кешенінің 10/0,4 кВ электр желілерінің құрылысын жүргізу үшін жобалау ізденіс жұмыстары жүргізілуде.


Былтырғы жылы басталып, 2020 жылға ауыспалы болған Төлеби-Қапал батыр көшелерінің қиылысындағы шатқалды абаттандыру, Төлеби-Бірлік көшелерінің 7,5 шқ абаттандыру жұмыстары, Төлеби көшесі 6,0 шқ орта жөндеу, №2 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары мен №5 гимназия мектебінің 200 орындық оқу блогы, 50 орындық асхана, шеберхана және спорт залының құрылысы аяқталатын болады.

Ағымағы жылға бірнеше әлеуметтік нысандардың құрылысына, жөндеу жұмыстарына жоба сметалық құжаттамаларын әзірлеуге қаражат бөлініп, бұл жұмыстар да өз жалғасын табатынын айта кетті.

Қала ішіндегі көшелер де алдағы жоспардан тыс қалған жоқ. Биыл қала ішілік бірқатар көшелер жөндеуден өткізіліп, халық игілігіне беріледі.

Ленгір қаласының абаттандыру жұмыстарына 220,5 млн теңге қаралды. Оның ішінде Қапал батыр көшесінің бойына қосымша 12 жерге аялдама, 5 жерге заманауи балалар ойын алаңшасын және стрит воркауттар орнату жұмыстары бар. Сонымен қатар, қала бойынша су ағарларды жөндеу, Қазыбек би көшесінің бойындағы спорт алаңшаны жөндеу және А.Маделханов көшесіне спорт алаңшасын орнату қарастырылған. 1 мөлтек ауданындағы көп қабатты жаңа үйлер массивінен №3 орта мектепке қарай аяқ жол салу, қала аумағынан гүлден жасалған аркалар орнату, қала бойынша 55 дана қоқыс тастайтын контейнер орнату және қоршау сынды жұмыстар атқарылатын болады.

 

Пікір жазу