Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістан қаласында Дүниежүзілік қатерлі ісікпен күрес күніне орай марафон өтті

Түркістан қаласында Дүниежүзілік қатерлі ісікпен күрес күніне орай марафон өтті

Түркістан қалалық емханасында Дүниежүзілік қатерлі ісікпен күрес күніне арналған «Біліңіз — ұзақ өмір сүріңіз!» атты марафон мен «Ашық есік күні» өтті, деп жазады Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.
Қалалық мәслихаттың депутаттары Ержан Мұстапаев, Айгүл Тлепова, Жамила Сулейменова және «Түркістан-Су» спорт кешенінің директоры Ғалымжан Құдияров та марафонға арнайы қатысты.

Емхана тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша халыққа бастапқы санитарлық медициналық көмек көрсетуді мақсат еткен.

Салауатты өмір салтын насихаттау, емдеу жұмыстарының сапасын арттыру, медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін жоғарылатуды алға қойған Түркістан қалалық емханасында 198 дәрігер және 578 орта буынды медициналық қызметкер жұмыс атқарады.

Заманауи үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген емханаға 2019 жылы келушілер саны 527435-ті құраған. Оның 195541-і аурушаңдықпен, 175774-і алдын-ала тексеруге келгендер болса, 54437- үй жағдайында көрілгендер.

Емхана 2020 жылы бір ай ішінде 94062 халыққа медициналық қызмет көрсетті. 94062 тұрғынның 35313-і балалар, 4258-і жасөспірімдер, ал, 54491-і ересектер. Емхана ауысымына 1210 адам қабылдауға арналған.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*