Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ ӨТТІ

КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ ӨТТІ

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың жергілікті тұрғындар алдындағы қорытынды есепті кездесуі болып өтті. Есепті кездесуге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары,аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім, мекеме басшылары, ауыл, ауылдық округтердің әкімдері мен аудан тұрғындары қатысты.

Арнайы басқосуда Келес ауданының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен алдағы міндеттері туралы Келес ауданының әкімі А.Есбаев тоқталды. Атап айтқанда, 2019 жылы ауданға 8,4 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартуға қол жеткізіліп, өнеркәсіп кәсіпорындары 4 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірген. Сонымен қатар, Кәсіпкерлік саласы бойынша Ауылшаруашылығы саласы бойынша 2020 жылы 484,0 млрд теңгені құрайтын 1 жоба іске асырылу жоспарлануда. Ол: Бірлік ауылдық округі аумағында орналасқан «Эко Культура Евразия» ЖШС-нің жалпы құны 484,0 млрд теңге құрайтын 500 га өнеркәсіптік жылыжай құрылысы.

Жоба 2020-2025 жылдары іске асыру жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша Ауданда жалпы алдыңғы қатарлы озық технологияны пайдалана отырып, жылына 2-3 рет өнім алу бойынша 91 жоба іске асырылып, 307,7 га жерге егіс егіліп 9 231 тонна (1 айналымда) өнім өндірілды. Жалпы 18462 тонна өнім алынып, ТМД елдеріне экспортталды. Жол жөндеу бойынша , жалпы аудан бойынша — 114,8 шақырым жол жөндеуден өтті. Оның ішінде Абай ауылындағы 23 көше «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жөндеуден өтті. Осылайша өткен жылдың қорытындысын тізбектеген аудан басшысы есеп беру барысында өңір экономикасын әртараптандыру, жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында 2020 жылы құны 1058,4 млн теңге болатын 5 жоба іске асырылуы жоспарланып отырғанын, 230 жаңа жұмыс орны ашылатындығын жеткізді. Аудан тұрғындары тарапынан баяндамаға байланысты сауалдар қойылып, әр сұраққа нақты жауаптар алынды.

 

 

Пікір жазу