Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖЕТІСАЙ: ЖАМАНТАЙ БЕЙСЕНБАЕВТЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

ЖЕТІСАЙ: ЖАМАНТАЙ БЕЙСЕНБАЕВТЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

Жұртшылық арасында «Жер жәннаты» атанған Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев жылды қорытындылады. Өткен жылы атқарған жұмыстарының есебін беріп, алдағы атқарылар міндеттерге тоқталды, деп жазады Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.


Аудан басшысының ел алдындағы қорытынды есептік жиналысына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиев Мейіржан Иябайұлы мен бірқатар басқармалардың, қаржылық ұйымдардың басшылары, зиялы қауым өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Өткен жылы аудандағы білім мен мәдениет, спорт пен әлеуметтік салаларда, құрылыс пен жол, ауыз су мен елді мекендерді газдандыру, шағын және орта бизнес салаларында бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді.


Нақтырақ айтар болсақ, 2019 жылдың басында аудан кәсіпкерлері өз қаржылары есебінен мал бордақылау алаңдарының саны 145 болса, бұл көрсеткіш жыл соңына қарай 160-қа жеткен. Сонымен қатар, ауданда бір жерден екі өнім алу тәжірибесін кеңінен меңгерген 197 шаруа қожалығы 1023 га жерден 39 мың 968 тоннадан астам өнім алған.
Өткен жылы ауданда 79,1 мың га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 1,4 млрд теңгені құраған. Осындай ілкімді істердің нәтижесінде аталмыш саладағы жалпы өнім көлемі 60 млрд 291 теңгеге жеткен. Мұнымен қоса кәсіпорындар тарапынан өндірілген өнім 7,6 млрд теңгеге жетіп, 21,2 мың адамды жұмыспен қамтып отырған шағын және орта бизнес саласы 41,6 млрд теңгенің өнімін өндірген.


Сондай-ақ, аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 823,3 млн теңге қарастырылып, көгілдір отынды жеткізіп беруге 351,5 млн теңге бөлінген.
Тұрғындардың қарым-қатынасын жақсарту мақсатында Республикалық, облыстық, аудандық және елді мекендердің көшелерін жөндеу жұмыстарына 3,2 млрд теңге бөлініп, тиісті жұмыстар толығымен атқарылған.
«Мемлекеттік қамқорлықтардың нәтижесінде өткен жылы Жетісайда атқарылған жұмыстар аз емес, атқарылар тірліктер одан да көп. Әрбір істе жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін елде ауызбіршілік пен ынтымақ керек. Сіздер айтқан әрбір ұсыныс назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады» деп жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев елді бірлікке шақырды.
Жиын соңында Мейіржан Иябайұлы мен Жамантай Қанайұлы жуырда ғана өз өмірін қатерге тігіп, жас өскінді аман алып қалған жетісайлық тәртіп сақшысы Марат Нұрымбетовты алғыс хатпен марапаттап, сый-құрмет көрсетті.
Осылайша ауданда атқарылған жұмыстарға оң бағасын берген халық қалаулылары мен тұрғындар алдағы атқарылар істерге сәттілік тіледі.

 

 

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*