Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖЕТІСАЙДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

ЖЕТІСАЙДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

Жетісай ауданы Жетісай қаласының спорт кешенінде үстел теннисінен 2002 жылы туылған және одан төмен жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты басталды. Байрақты бәсекенің ашылу салтанатына аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев пен спорт майталмандары қатысты, деп жазады Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.


«Спорт – денсаулық кепілі. Бұл салаға бүгінде мемлекет басшысынан бастап үлкен көңіл бөлінуде. Бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткен жылы барлық кент, округтерде заманауи спорт алаңшаларын салдық. Биыл бұл жұмыстар жалғасын тауып, әрбір елдімекенде салуды жоспарлап отырмыз» деген аудан басшысы чемпионатқа қатысушы жас теннисшілерге сәттілік тіледі.
3 күнге созылатын жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі Жамантай Қанайұлы мен дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев жасөспірімдерге үстел теннисінен мастер-класс көрсетті.


Айта кетейік, аталған чемпионатқа Түркістан облысының аудан-қалаларынан Түркістан қаласы, Бәйдібек, Түлкібас, Арыс, Созақ, Отырар, Сайрам, Шардара, Сарыағаш, Келес және Мақтаарал, Жетісай аудандарынан келген 12 командада 200 жуық жасөспірім өзара мықтыны анықтайтын болады. Чемпионат жеңімпаздары наурыз айында Орал қаласында өтетін республикалық чемпионатта Түркістан облысының құрама командасы сапында өнер көрсетеді.
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиевтің мәліметінше өткен жылдың шілде айында №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне жергілікті бюджет есебінен алынған 3 дана үстел теннисінде қазіргі таңда үстел теннисінен 70-ке жуық жасөспірімдер шұғылдануда.

 

Пікір жазу