Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЕҢБЕК МӘСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛҒАН ЖИЫН

ЕҢБЕК МӘСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛҒАН ЖИЫН

Отырар ауданында  облыстық Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы — бас мемлекеттік инспектор Алмасбек Мамытбековтің арнайы қатысуымен,  отырарлық тұрғындармен кездесу өткізді.


Отырар ауданы әкімінің орынбасары Рыскелді Әліштің төрағалығымен өткен кездесуде Алмасбек Кеңесбекұлы баяндама жасап, еңбек қатынастарын реттеу, еңбек заңнамаларын сақтау туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң талаптарына тоқталып өтті.
Инспекцияға 2019 жылы келіп түскен өтініштердің дені еңбек демалысына шығу мерзімінің бұзылуы, еңбек демалысы мен емдеу — сауықтыру ақысының, айлық -жалақыларының мерзімінде, дұрыс төленбеуіне байланысты мәселелер екенін атаған бас мемлекеттік инспектор еңбек заңнамаларын қатаң сақтауға шақырды.


Қарапайым ауыл тұрғындары арасында мұндай еңбек заңнамалары туралы кездесулердің өткізілуі керек –ақ. Цифрландыру жаппай қолға алынып жатқан уақытта, азаматтар өз өтініш-тілектерін қалай, қайда тапсыру жөнінен де кеңінен мағлұмат алды.

Кездесу барысында тұрғындар мен мекеме қызметкерлері өздерінің түйткілді мәселелері бойынша жолдаған сауалдарына басқарма басшысы тұшымды жауаптар қайтарып, қолданыстағы заң талаптарына сәйкес түсіндірме берді.

Пікір жазу