Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚЫТ АСАНОВ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІН БЕРДІ

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚЫТ АСАНОВ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІН БЕРДІ

Елбасымыздың Жарлығымен қайта құрылған Мақтаарал ауданы 1,5 жылдың ішінде адам танымастай өзгерді. 2 кент пен 9 ауылдық округтің бойына қан жүгіріп, мақталы өлке күн санап көркейіп келеді. Міне, бұған күні кеше өткен аудан әкімі Бақыт Асановтың 2019 жылы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жұмыстары туралы есептік кездесуінде аудан тұрғындары мен қонақтары көз жеткізді, деп жазады Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

Есептік жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев пен бірқатар басқармалардың, қаржылық ұйымдардың басшылары, зиялы қауым өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Есепті жиында 2019 жылы атқарылған жұмыстар мен 2020 жылға жоспарланған жобалар туралы кеңінен тоқталып өтті.

Айта кетейік, жалпы есептік жиыннан соң аудан тұрғындары тарапынан аудан әкімінің атқарған жұмыстарына «жақсы» деген баға берілді. Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Иябайұлы аудан басшысының алдағы атқарар жұмыстарына сәттілік тілеп, облыс әкімі Ө.Шөкеевтің Мақтаарал ауданының дамуына ерекеше ынты-ықыласпен қарап жатқанын тілге тиек етті.

Пікір жазу