Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БӘЙДІБЕКТЕ «ҚАМҚОРЛЫҚ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 50 ОТБАСЫҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

БӘЙДІБЕКТЕ «ҚАМҚОРЛЫҚ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 50 ОТБАСЫҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

Бәйдібекте «қамқорлық» жобасы бойынша 50 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілуде, деп жазады Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.
Түркістан облысы бойынша қолға алынған «Қамқорлық» жобасы Бәйдібек ауданында жалғасуда.

Бүгін Бәйдібек ауданының әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бақытбек Танагөзов, партия активімен бірге Бөген ауылдық округтерінде жұмыс сапармен болып, бекітілген тізім бойынша әлеуметтік жағдайы төмен 2 отбасының шаңырағында болды. Кездесу барысында аудан басшысы, 2 отбасының тыныс-тіршілігімен танысып, оларға азық-түліктер тапсырып, облыс көлеміндегі ұйымдастырылған «Қамқорлық» жобасы жөнінде кеңінен тоқталып, түсіндірді. Сонымен қатар аудан басшысы аталған 2 отбасының қандай проблемасы барын сұрап, егер болған жағдайда бірінші кезекте шешімін табуға көмек беретінін айтты.
Әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар «Қамқорлық» жобасы бойынша қолға алынған бұл бастамаға алғыстары мен тілектерін білдіруде.
Қазіргі таңда аталған қайырымдылық іске Бәйдібек ауданының жергілікті кәсіпкерлері мен тұрғындары да қолдау білдіріп, көмек қолдарын созып, демеушілік жасауда.

Пікір жазу