Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ӨТКЕН ЖЫЛЫ 125 ГЕКТАР ЖЕРГЕ ЖАҢҒАҚ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ӨТКЕН ЖЫЛЫ 125 ГЕКТАР ЖЕРГЕ ЖАҢҒАҚ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Түлкібас ауданында 2019 жылы жылы жүз жиырма бес гектар жерге жаңғақ отырғызылды, деп жазады Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

Түлкібас ауданында соңғы екі жылдың көлемінде жаңғақ шаруашылығын дамыту жолға қойылды. Жаңғақ ағашы облысымыздың барлық өңірінде өсе бермейтін өсімдік. Түлкібас, Төлеби, Сайрам және Қазығұрт аудандарының тау бөктерінде және үй іргелік жерлерінде өседі. Түлкібас ауданының тұрғындары осы мерзімге дейін үй-іргелік жерлеріндегі жаңғақ ағаштарынан ғана өнім алынып келген.

2018 жылы облыс әкімінің ауданға берген тапсырмасына сәйкес 250,0 га жаңғақ отырғызу жұмысы қолға алынып, 257,5 га отырғызылып, меже 103 пайызға орындалса, 2019 жылы 125 гектар жерге жаңғақ көшеттері отырғызылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады.

Дастарханның сәнін беріп әрі халық еміне қолдануда да таптырмайтын өсімдікті өсірудің жаңа бір түрін өңірімізде қолға алып, дамытып жатқандығы қуантады.

Пікір жазу