Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАЙРАТ ЖОЛДЫБАЙДЫҢ ЕСЕПТІ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАЙРАТ ЖОЛДЫБАЙДЫҢ ЕСЕПТІ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдбыбайдың есепті жиыны қортындыланды, деп жазады Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.
Есепті кездесуге Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Әуелхан Тұрғымбеков қатысып отырды. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев жүргізіп, жиналғандарды күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып өтті.


Есепті жиында сөз алған Қайрат Жолдыбайұлы өткен жылы жүзеге асқан тірліктерді рет-ретімен баяндап шықты. Бір сөзбен айтқанда барлық салада ілгерілеу бар екені аудан әкімінің баяндамасында көрініп тұрды.

Аудан әкімінің баяндамасынан соң тұрғындар арасынан өздерін толғандырып жүрген мәселелерді ортаға салып, әкімнің назарына ұсынған азаматтар аз болмады.

Тұрғындар тарапынан айтылған өтініш-тілектерге аудан әкімі Қайрат Жолдыбай жауаптар қайтарып, бұл мәселелер бойынша қолға алынып жатқан шаруаларды айтып берді.

Мұнан кейін жарыссөзге шыққан аудан тұрғындары аудан әкімінің есебіне қанағаттанарлық деген баға берді.
Есепті жиын соңында Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Әуелхан Тұрғымбеков қорытынды сөз сөйлеп, тұрғындарды аудан басшысымен бірлесе отырып, алдағы уақытта ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру бағытында жұмыс жасай беруге шақырды.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*