Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістанда әз Наурыз мерекесі қарсаңында EMERGE x TURKISTAN халықаралық tech-конференциясы өтпек

Түркістанда әз Наурыз мерекесі қарсаңында EMERGE x TURKISTAN халықаралық tech-конференциясы өтпек

Танымал Microsoft, Samsung, Huawei, PicsArt, Google, Facebook, Amazon, Speaker Examples, Abbyy, Uber, Revolut, skyeng, MTS, Alibaba және басқа да компания өкілдерімен жүздесуге асығыңыздар!



21-22 наурыз күндері Түркістанда әз Наурыз мерекесі қарсаңында EMERGE x TURKISTAN халықаралық tech-конференциясы өтеді.

Жыл сайын Шығыс Еуропада өтетін халықаралық tech-конференция биыл алғаш рет Қазақстанда, оның ішінде Түркістан қаласында жүзеге аспақ!

EMERGE x TURKISTAN аясында стартаптарға өз жобасын ұсынып, инвесторларды тартуға және 10 000 АҚШ $ ұтып алуға мүмкіндігі болады.

Сонымен қатар, үздік деп танылған 5 стартап питч конкурсының жартылай финалына автоматты түрде өтіп, 2020 жылдың 1-2 маусымда Минсктегі Emerge жобасына EMERGE x TURKISTAN атынан қатысады.

EMERGE x TURKISTAN-ның басты мақсаты — жастар арасында дамып жатқан tech-хабты қолдау, сол себепті де конференция ақысыз өтеді, алайда арнайы шақыртумен. Қатысушылар тізімінде болу үшін https://emergeconf.io/turkistan/kz сайты арқылы 12 наурызға дейін өтінім тастай аласыз.

Конференция нәтижесінде IT-мамандар индустриядағы соңғы трендтерден хабардар болып, өз байланысын кеңейтуге мүмкіндік алады. Инвесторлар болса, сапалы жобалар мен кәсіби серіктестер табуына ықпал етеді.

Пікір жазу