Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ӨТКЕН ЖЫЛЫ ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҮШ БІРДЕЙ СПОРТТЫҚ НЫСАН ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ӨТКЕН ЖЫЛЫ ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҮШ БІРДЕЙ СПОРТТЫҚ НЫСАН ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Өткен жылы Түлкібас ауданында үш бірдей спорттық нысаны ел иігілігіне берілген, деп жазады Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

Түлкібас ауданында тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануға, бос уақыттарында спортпен шұғылдануына барлық жағдайлар жасалынған.

Өткен жылы аудан аумағында спорттық нысандар қатары үш бірдей жаңа нысандармен толықты. Атап айтсақ, Састөбе кентінен спорт күні мерекесіне орай кент орталығынан 240 адамға есептелген су жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. 454 миллион теңгеге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде соғылған спорт орталығында бокс, дзюдо, үстел тенисі, баскетбол, еркін күрес және тағы да басқа сияқты спорт түрлерімен бір мезетте 240 оқушы айналысуға мүмкіндік алып отыр.

Сонымен қатар, аудан орталығындағы күрес залы күрделі жөндеуден өтсе, Жанкент мөлтек ауданынан «Самұрық — Қазына ұлттық әл – ауқат қоры» АҚ- ы есебінен 63,0 млн теңгеге жасанды кіші футбол алаңы, стрит воркаут көше тренажерлары және балаларға арналған ойын алаңы халыққа пайдалануға берілді.

2019 жылдың қорытындысымен салауатты өмір салтын насихаттау және балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ауданда 242 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 34298 адам қатыстырылды. Оның ішінде 56-облыстық деңгейде, 183-аудандық деңгейде, 3 республикалық деңгейде.

Осылайша ауданда спорт саласының дамуының арқасында аудан тұрғындарының арасындағы спортпен шұғылданушылар саны 30% асып отыр. Яғни, 33 705 адам тұрақты спортпен шұғылдануда.

 

Пікір жазу