Басты бет » Ауыл жаңалықтары » 2020 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЕР КЕЗЕГІНДЕ ТҰРҒАН 673 АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІШІ ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛАДЫ

2020 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЕР КЕЗЕГІНДЕ ТҰРҒАН 673 АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІШІ ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛАДЫ

2020 жылдың соңына дейін Түлкібас ауданында жер кезегінде тұрған 673 азаматтың өтініші қанағаттандырылады, деп жазады Түлкібас әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды.

Жыл санап халық саны артып келе жатқан Түлкібас ауданында тұрғындар тарапынан көтеріліп жатқан әр-бір мәселе назардан тыс қалып жатқан жоқ.

Аудан әкімі Н.Тұрашбековтың 2018 жылдын қорытындысымен аудан халқының алдындағы есебінде көтерілген маңызды мәселенің бірі үй құрылысын жүргізуге қажетті жер телімі болатын. Тиісінше аудан әкімі бұл мәселе уақытты талап ететінін тілге тиек етіп, бұл бағытта құжаттарды дайындау мен басқа да тиісті жұмыстарды жүргізетінің және нәтижесін 2020 жылы Сіздермен бірге көреміз-деген болатын.

Бүгінгі таңда аудан тұрғындарының сұранысы шешімін тапты десек болады. Биылдан бастап кезең-кезеңімен жеке үй құрылысын жүргізуге жер телімін беру жұмыстары өтініш көп түскен Балықты ауылы және Түлкібас пен Састөбе кенттерінен басталады. Нақты айтсақ, Балықты ауылынан 53,8 га, Түлкібас кенті 34,6 га, Састөбе кентінен 54,6 га жер телімдеріне инфрақұрылым тартылып, нәтижесінде үш елді мекеннің жер кезегінде тұрған 673 азаматына жер телімі берілмек. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта кезең-кезенімен іске асатын болады.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*