Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » ӘДІЛ ІСТІҢ — АРТЫ ИГІ ЕКЕНІН ҰМЫТПАУ КЕРЕК

ӘДІЛ ІСТІҢ — АРТЫ ИГІ ЕКЕНІН ҰМЫТПАУ КЕРЕК

Бүгін Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментінің бас маманы Төлегенқызы Гүлмира облыстық Әділет департаменті ұйымдастырған көшпелі семинарда баяндама жасады, деп жазады департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

Семинарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің өкілі Г.Мұсабекова, Әділет департаменті басшысының орынбасары Е.Жеңісбеков, Кентау ауданаралық Әділет басқармасының, Халыққа қызмет көрсету орталығының Кентау қалалық филиалының басшылығы мен мамандары, сот орындаушылары, сондай-ақ нотариустар мен адвокаттар қатысты.

Іс шараның негізгі мақсаты — қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және заңға енгізілген жаңа нормаларды түсіндіру.

Оқыту семинарында Г.Төлегенқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға енгізілген өзгерістер, жемқорлықтың орын алу жағдайлары мен оның алғышарттарын жою жөнінде және қызмет бабын пайдаланып сыйлық алып, бергендерге жаза бар екенін жан-жақты түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ, Агенттік тарапынан жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалар мен Департамент тарапынан жүргізіліп жатқан іс-шараларға тоқталып, әлеуметтік дертпен күрес жүргізуді әрбәр қызметкер өзінен бастау керектігін айтып, қызметшілерді әдепті және қарапайым болуға шақырды.

Шара соңында тақырыптық бағыттағы сұрақтарға жауаптар берілді.

Пікір жазу