Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Руханият » ҚАЛА ӘКІМІ ҚОРЫҚ-МУЗЕЙМЕН ТАНЫСТЫ

ҚАЛА ӘКІМІ ҚОРЫҚ-МУЗЕЙМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейімен танысты. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және оның аумағындағы тарихи-мәдени нысандардың тарихымен танысып шыққан қала басшысы 88,7 га аумақты сақтап-қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша пікір бөлісті. Бұл туралы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағының тарихи қалпын сақтай отырып қайта жаңарту, туристерді тарту бағытында қолға алынған үш жылдық жоба-жоспарлар және қорық-музей жасаған бес жылдық жоба-жоспарларды таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстарды көрсетті.

Айта кетейік, «Әзірет Сұлтан » қорық музейі Қазақстандағы ерекше маңызы бар рухани орталық болып табылады. Мұнда қазақ халқының тарихы мен рухы насихатталады.Қазақтың ел билеген хандары мен елін жерін қорғаған батырлары, би-шешендерінің мәңгілік мекендері ретінде олардың рухтарына тағзым етіледі, халқымызды имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелейтін Қожа Ахмет Ясауидің мұрасы насихатталады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу