Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » Түркістанда «Жолда қабылдау» акциясын өтті

Түркістанда «Жолда қабылдау» акциясын өтті

Түркістан қаласының тұрғыны Абдуалиев Акрамжон есімді азамат «Жолда қабылдау» республикалық акциясына келіп, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков пен тергеуші Алтаев Еділдің тарапына ризашылығын жеткізді. Оның айтуы бойынша облыстық полиция қызметкерлері қылмыстық іске байланысты істі әділ жүргізіп, күдіктілерді дер кезінде ұстаған. Сондықтан осындай нәтижелі әрі жедел атқарылған жұмысқа өз алғысын айтты.


Естеріңізге сала кетсек, аталмыш акция ағымдағы жылдың 14-15 ақпан аралығында Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты азаматтарды қабылдау бөлмелерінде қатарынан екі күн бойы өткізілген болатын. Таңғы сағат 9:00-ден бастап азаматтарды қабылдаған полицейлерге 2 мыңнан астам облыс тұрғындары келіп, өздерінің сұрақтарын қойды. Сонымен қатар киелі қаланың өзгеруіне байланысты кейбір жол қиылыстары, бағдаршамдар мен жол белгілеріне байланысты ойларын жеткізді.
Республикалық акция аясында тұрғындарды тікелей өзі қабылдаған Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Абдуғани Сейдуалиев қойылған сұрақтардың барлығына нақты жауап берді. Келушілердің қойған сауалдарының басым бөлігі шетелден әкелінген көлік құралдарын тіркеу, оған төленетін кедендік баждар мен көші-қон саласына қатысты болды.


Оған қоса полицейлер азаматтарға көлік құралдарын тіркеу тәртібі мен ережелерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, қажетті кеңестерін берді.
Полиция полковнигі А.Сейдуалиев: «Акция кезінде азаматтарды қызықтыратын мәселелер кеңінен талқыланды. Олар шетелден әкелінген көлік құралдарын рәсімдеу тәртібімен танысты. Оның ішінде алғыс айтқан азаматтар да болды. Ал кейбір ашылмай жатқан қылмыстар бойынша түскен сауалдар күн тәртібіне қойылды»,- деп атап өтті.
Қабылдау кезінде азаматтар көлік айыппұлдарының бар-жоғы және төлемі туралы біле алды. Тәртіп сақшылары басқа да аумақтағы полиция құрылымдарымен телефон арқылы хабарласып, әрбір тұрғынның мәселесін сол сәтте шешуге тырысты.

Түркістан облысы ПД-ның баспасөз қызметі

Пікір жазу