Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » Кентау қаласының полицейлері 50 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, 6 автокөлікті айыппұл тұрағына қойды

Кентау қаласының полицейлері 50 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, 6 автокөлікті айыппұл тұрағына қойды

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық орындарда және көшелерде әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында Кентау қаласында жедел-профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізді.


«Қауіпсіз жол» және «қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында облыстық жергілікті полиция қызметкерлері Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, жол қауіпсіздігін нығайту және ЖҚЕ бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтер жүргізді. Іс-шараны өткізуге Түркістан облысы ЖПҚ-нің патрульдік полиция экипажы және Кентау ҚПБ патрульдік полициясының 5 экипажы мен эвакуатор қатысты.
Сонымен, бір тәулік ішінде тәртіп сақшылары жол қауіпсіздігі ережесінің бұзулуының 50 дерегін анықтады, оның ішінде екеуі мас күйінде көлік жүргізу болса , тұрақ және белгіленбеген жерде тоқтау бойынша 12 жайт, автокөлікті басқару кезінде телефонды пайдалану бойынша 4 және қауіпсіздік белдігін пайдаланбауға байланысты 6 деректі анықтады. Полиция қызметкерлері айып тұрағына эвакуаторды пайдаланып, 6 автокөлікті қойды .
Қылмыстарды, соның ішінде бұрын жасалған қылмыстарды ашу мақсатында тәжірибелі полицейлерден арнайы топтар құрылды. Жедел жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде полиция бөліміне Кентау қаласының тұрғыны жеткізіліп, ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Сондай-ақ, полиция қызметкерлері 26 дәмхана мен 54 дүкенді тексеріп, олардың иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оған қоса, тәртіп сақшылары кешкі сағат 21:00-ден кейін алкогольді сатудың 1 дерегін анықтады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлерімен рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында кәмелетке толмағандардың сағат 23:00-ден кейін үйден тыс жерде болуының 2 жайты анықталды, олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аталған жедел-профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу