Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЕЛ ТІРЕГІ – ЕРІКТІ ЖАСТАР

ЕЛ ТІРЕГІ – ЕРІКТІ ЖАСТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2020 жыл – Волонтер жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ерікті жастарға арналған семинар тренинг өтті.


Әлсізге қолұшын созу, жасы үлкен адамға көмектесу, жетім-жесірге қамқор болу – дұрыс қағидаларды ұстанатын кез келген қоғамның ажырамас бөлігі. Ел Президенті қазақтың асар дәстүрі волонтерлықпен үндесетінін, сол себепті ағымдағы жылы қайырымдылық жасауды заманға сай жаңғырту қажет екенін мәлімдеген еді.


Семинар-тренингтің мақсаты: аудан аумағында ерікті жастардың жасақтарын дамыту, мұқтаж жандарға риясыз ерікті көмек көрсету. Жастарды іс-шараға тарту арқылы ұйымшылдыққа, достық қарым-қатынасты нығайтуға, көшбасшылыққа және топпен жұмыс жасауға машықтандыру.
Семинар-тренинг барысында ерікті жастарды топтарға бөлу арқылы «Көшбасшылық» тақырыбында түрлі ойындар ойнатылды.


100-ге жуық ерікті жастар қатысқан семинар-тренингте әр топ Волонтер жылында іске асыруға арналған арнайы жобалар жасап, қатысушылар арасында талқылады.
Семинар-тренингке қатысқан ерікті жастар ұйымдастырушы тарапқа алғыстарын білдіріп, бүгінгі тренингтен алған әсерлерімен бөлісті. Сондай-ақ, шара соңында қатысушы жастарға сертификаттар табысталды.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*