Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » Түркістанда «Yassawi SmartTech» хакатоны өтеді

Түркістанда «Yassawi SmartTech» хакатоны өтеді

Түркістан – ғасырлар бойы түркі әлемінің саяси және рухани өмірінің орталығы болған киелі қала. Заманауи Түркістан — бұл экономикалық, әлеуметтік және ұлттық аспектілері көп жағдайда ақпараттық-технологиялық дамуға байланысты, болашаққа қадам жасап, жылдам дамып келе жатқан облыс орталығы.


Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру және ақпараттық саясатының басым бағыттарының бірі цифрландыру болып табылады. Дәл сол себепті Х. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен 2020 жылдың 28-29 ақпанында «Қазақстанның жоғары оқу орындарының білім алушылары арасында бағдарламалық өнімдерді әзірлеу» бойынша «Yassawi SmartTech» хакатоны өткізіледі.
Конкурсты өткізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының құрметті академигі (2005), Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі (1998), Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі (2002), Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (2005) және де Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетінің президенті Абдрасилов Болатбек Серікбайұлы ерекше мән береді.
Сонымен қатар, Хакатонды өткізуге Түркістан облысының Әкімдігі тарапынан ақпараттандыру басқармасының басшысы Елнұр Рахымбердіұлы Өтебаевта ерекше көңіл бөліп отыр. Хакатонды өткізу Түркістан облысын цифрландыруға өз үлесін қоса алатын жаңа таланттар мен мамандарды анықтауға мүмкіндік береді. Хакатонды өткізу Түркістан облысын цифрландыруға өз үлесін қоса алатын жаңа таланттар мен мамандарды анықтауға мүмкіндік береді.
Хакатон – дизайнерлер, бағдарлама әзірлеушілер және басқа да мамандар үшін бірге жиналып, инновациялық жоба, өнім жасаудың жақсы мүмкіндігі. Бұл алаң дизайнерлерге, бағдарлама әзірлеушілерге және басқа мамандарға бір-бірімен танысуға, білім және идеялармен алмасуға немесе алдағы уақытта жұмыс істейтін бірлескен жобаны ойлап табуға көмектеседі. Бұл іс-шара қандай да бір тақырыпқа немесе мәселеге мүдделі талантты және белсенді адамдардың желісін құруға көмектеседі. Хакатонда қатысушылар ешқашан қиылыспауы мүмкін облыстардың мамандарымен еркін, ыңғайлы форматта жұмыс істеуге бірегей мүмкіндігі болады. Хакатонның форматы қатысушылар бұрын кездестірмеген міндеттерге үнемі тап болады деп болжайды. Сәйкесінше, хакатонда жаңаны үйрену өте тез жүреді және алған білімдерін тәжірибеде сол мезетте қолдану қажет. Қатысушылар үшін хакатон – бұл өздерінің қаншалықты жақсы маман екенін көрсету мүмкіндігі. Эксперимент алаңы бола отырып, хакатон жаңа идеялар мен жобаларды ойлап табуға және іске асыруға мүмкіндік береді.
Іс-шараның ұйымдастырушысы Компьютерлік инженерия кафедрасы болып табылады. Хакатонның жеңімпаздарына Incraft компаниясының Алматыда 6 айлық тегін тағылымдамадан өту мүмкіндігі беріледі, сонымен бірге тұруы, жол жүруі және еңбекақысын толық төлейді. ІІ және ІІІ орын алғандар BilimBook білім беру компьютерімен және BilimBook light планшетімен марапатталады.
Іс-шараға қатысушыларды спикерлердің баяндамалары, сондай-ақ әртүрлі панельдік пікірталастар, жобалар бойынша жұмыс және пікір алмасу күтіп тұр. Командалар басқарудың сандық трансформациясы және ақпараттық технологиялар туралы жобаларын қолдауға бағытталған өнімдер, сервистер құруда өз шеберліктерін көрсетеді және сараптамалық қазылар алқасының бағалауына ие болады.

Пікір жазу