Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Руханият » Абайым — ақындықтың пайғамбары

Абайым — ақындықтың пайғамбары

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласын жүзеге асыру аясында «Қазығұрт аудандық орталықтандырыл-ған кітапханалар жүйесі» КММ-ң ұйымдастыруымен аудандық Мәдениет үйінде Ұлы ақын А.Құнанбаевтың туғанына — 175 жыл толуына орай жастар арасында аудандық «Абайым — ақындықтың пайғамбары» атты байқауы өтті.

Байқау «Өзін-өзі таныстыру», «Абай мұрасы – халық мұрағаты» мәнерлеп оқу, «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» талқылау, «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы таңырқа!» сұрақ-жауап шарттары бойынша өткізілді. Байқаудың мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын байқау арқылы насихаттау. Оқырмандардың бойына ақыл мен парасатты, сөз құдыреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Ұлыларымызды құрметтеу, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.

Байқауға Түркістан облыстық А.С.Пушкин атындағы Әмбебап Ғылыми кітапханасының Кітапхана дамыту бөлімінің меңгерушісі Шардарбекова Жанат Сәдібекқызы, аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ерімбетов Сейілжан Қошқарұлы, Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Даулетбаева Гүлсім Кәрімқызы, Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директор орынбасары Айтубай Райымбай Таубайұлы қазылық етті. Байқау нәтижесі бойынша «Бас жүлде» Ащыбұлақ жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Тастанова Назеркеге бұйырды.

І-орынды №11 Колледжінің студенті Жолдасбек Мұстафа, ІІ-орын 2 қатысушыға берілді: Шарапхана ауылдық Ы.Алтынсарин атындағы мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта мектептің 11-сынып оқушысы Әбдрайым Бексұлтан және С.Рахимов ауылдық Қызылата жалпы орта мектебінің 10 -сынып оқушысы Нұрғали Гаухар, ІІІ-орынды Т.Рысқұлов мектеп-лицейінің 10- сынып оқушысы Құрбанова Балжан, Рабат ауылдық П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектептің 10-сынып оқушысы Нүрсейіт Нұрайым, Қызылқия ауылдық Қызылсеңгір жалпы білім беретін орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сманқұл Айман иеленді. Қалған қатысушылар түрлі номинациялар бойынша мадақтама және сыйлықтармен марапатталды.

 

 

 

Пікір жазу