Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА ҚАЛАНЫ КӨРКЕЙТУ, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ҚАЛАНЫ КӨРКЕЙТУ, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Экологтар тұрғындарды қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға деген экологиялық мәдениетті арттыруға, қаланы таза ұстауға шақырды. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы қызметкерлері қалада 350 түп шаған, үйеңкі, талшын көшеттерін отырғызды. Қаладағы бірнеше көшеде көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, жарық шамдар, қоқыс жәшіктері мен тұрғындардың демалуына арналған орындықтарды орнатылуда.

Түркістан қаласын көркейту мен абаттандыру үшін аудан, қала әкімдіктері мен басқармалар жұмылдырылып, шаһар 32 секторға бөлінген. Әр секторға жауапты аудан, қала өз аумағында ағаш отырғызу және абаттандыру жұмыстарын қарқынды жүріп жатыр.

Өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында 2020-2021 жылдарға арналған кешенді жұмыс барысы облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтың төрағалық етуімен өткен жиында ортаға салынды. Онда аудан, қала әкімдіктері мен барлық жауапты басқарма басшылары мәжілісте бас қосты.

Қоршаған ортаны сауықтыру бойынша кешенді жоспарды талқылау барысында атмосфералық ластаушы заттардың шығарылуын азайту, қаланы газбен қамтамасыз ету, энергия үнемдеу және жасыл белдеуді дамыту, қатты тұрмыстық қалдықтар сынды өзекті мәселелер жайлы айтылды. Жиын қорытындысымен біршама тапсырмалар беріліп, кешенді іс-шараның орындалуын қатаң бақылауға алу және жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыру тапсырылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*