Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » Түркістан қаласының әкімі жауапты мамандармен бірге Түркістандағы бірқатар нысандарды аралады.

Түркістан қаласының әкімі жауапты мамандармен бірге Түркістандағы бірқатар нысандарды аралады.

Түркістан қаласының әкімі Р.Аюпов жауапты мамандармен бірге Түркістандағы бірқатар нысандарды аралады, деп жазады Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

Жасыл белдеу құру — Түркістан қаласын жасыл желекке айналдырудың таптырмас жолы. Жазы өте ыстық болып келетін Түркістанда климатты жақсартып, тұрғындарға қолайлы жағдай тудыру ерекше назарда. Ал, жасыл белдеу — таза ауамен тыныстауға сеп болатын үлкен орман болмақ. Мұндай орман мен жасыл желекті аймақтар арқылы сиреп бара жатқан аң мен құстың мекендерін көбейтеді.

Осы мақсатта, «Жасыл Түркістан» КММ-нің бастауымен қала аумағында орналасқан Арыс-Түркістан каналы мен темір жол бойына жалпы ауданы 112 га құрайтын 4 учаскіге 41 мың дана ағаш көшеттері егіліп, айналдыра 90 мың шаршы метр көгал отырғызылады.


Сонымен қатар, осы ағаш көшеттері мен көгалды сумен қамту мақсатында 50 м-ге дейінгі 9 ұңғыма қазылады. Нәтижесінде, жаздың ыстық уақытында салқын саялы, көлеңкелі демалыс орындарының біріне айналмақ.
Н. Төреқұлов көшесінің бойы кереметтей демалыс аймағына айналады. Ондағы үйлер алдындағы скверлерде спорт және балалар ойын алаңшасы, субұрқақ пен алтыбақандар қойылады.
Орталықтағы С.Қожанов көшесінде де арбат, скверлер мен демалыс орындарын жандандыру барысындағы жүзеге аспақ мекеннің бүгінгі көрінісін бақылады.
Қала аумағындағы жер учаскелерін түгендеу жұмыстары аяқталған «Бекзат» мөлтек ауданында заңсыз, өз бетінше иемденген жер учаскелері анықталған. Аталған мәселені жіті назарына алған Р. Абатұлы мұндай заңсыз істерге тосқауыл қою үшін прокуратура мен полиция қызметкерлеріне бірлесе жұмыс жасауды тапсырды. Тұрғындармен жүздесіп, баспанасында отырған азаматтардың құжаттары заңдастырылатынын хабарлады. Айта кетейік, жерлер инфрақұрылым толық аяқталған жағдайда ғана ретімен берілетін болады.

Сонымен қатар, Локомотив пайдалану депосында орналасқан паровоз құрылысы жүріп жатқан темір жол вокзалы алдындағы аллеяға қойылмақ. Тарихи ескерткішті мекеме аумағында емес, көпшілік орында, әсіресе келушілердің бірінші аяқ басар жерінде тұрғаны құба-құп. Теміржол басшылығы бір айда орнын ауыстыруға ниеттеніп отыр.

Пікір жазу