Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «БІЗ — ЖЕҢІСТІҢ МҰРАГЕРІМІЗ!» АТТЫ ЕСКЕ АЛУ ЭСТАФЕТАСЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

«БІЗ — ЖЕҢІСТІҢ МҰРАГЕРІМІЗ!» АТТЫ ЕСКЕ АЛУ ЭСТАФЕТАСЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

Бүгін Ленгір қаласының орталық алаңында Жеңістің 75 жылдығына орай «Біз — Жеңістің мұрагеріміз!» атты тағзым эстафетасы жалғасты деп жазады Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

Еске алуға жиналғандар орталық саябақта орналасқан Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысының орынбасары, полковник Алкешев Ниязтай, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Дүйсебаев Сержан, Ленгір қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Абдуқаймов Ордабек сөз алып, құттықтауларын жеткізді.

Аталған игілікті іс 2018 жылы 28 қыркүйекте Душанбе қаласында өткен ТМД Мемлекет басшылары Кеңесінің шешімімен бекітілген Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге бағытталған негізгі іс-шаралар жоспары аясында өткізілуде. Бұл еске алу эстафетасы 5 ақпан – 5 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірінде 1941-1945 жылдары Алматыда жасақталған генерал-майор И.В.Панфилов басқарған 8-ші атқыштар дивизиясының Жауынгерлік Туының көшірмесінің қатысуымен қолға алынатын болады.

Эстафета Ұлы Отан соғысында Отанын жанқиярлықпен қорғаған қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне құрмет көрсету, есімдерін ел есінде сақтау мақсатында ұйымдастырылуда.

Пікір жазу