Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «ЖҰЛДЫЗ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ» БАЛАЛАР БАЙҚАУЫ

«ЖҰЛДЫЗ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ» БАЛАЛАР БАЙҚАУЫ

Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында аудандық «Жұлдыз болғым келеді» атты балаларға арналған ән байқауы өтті.


Байқаудың мақсаты: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұлттық кодты насихаттай отырып, дарынды балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсету, оларды отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу және эстрадалық ән орындау өнерін дамыту, жаңа эстрадалық әндерді халық арасында кеңінен насихаттап жас талант иелерін және облыстағы мәдени іс-шара жүргізушілерін анықтау, республикалық, халықаралық байқауларға қатысуын қамтамасыз ете отырып оларға қолдау көрсету.


Байқауға жалпы 27 үміткер қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша сарапханалық Бөрі Дарын – бас жүлде, рабаттық Қалтай Сағындық – I орын, қазығұрттық Жақсылық Нұрғиса – II орын, атбұлақтық Ибрагим Дінмұхаммед және шарбұлақтық Ордабек Мадина – III орын алды. Жүлдегерлер облыстық «Бала даусы» байқауына қатысып, Қазығұрт ауданының намысын қорғайтын болады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу