Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАЗЫҒҰРТТА «КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ҚАЗЫҒҰРТТА «КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласын жүзеге асыру аясында Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет сарайында Ұлы ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлыны 175 жылдық мерейтойына арналған «Көркемсөз оқу шебері» аудандық байқауы өтті.


Байқаудың мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана ойшыл, сазгер Абай Құнанбайұлының мол мұрасын кеңінен насихаттау, жастардың бойына ақыл мен парасатты, сөз құдыреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру және рухани тәлім – тәрбиеге баулу.
Байқауға жалпы он алты үміткер қатысып бақ сынады.


Байқау нәтижесі бойынша, І орын – Ерғазы Елнұр Ерғазыұлы, ІІ орын – Баходирова Мардона Жавохирқызы, ІІІ орын – Тұяқ Зарина Салкенқызы, ІІІ орын – Бугенбаева Гүлжанат Бақытжанқызы, ІІІ орын – Санаева Салтанат Құдиярқызы иеленді.
Байқауға қатысқан барлық үміткерлер түрлі номинациялар бойынша дипломдар және сыйлықтармен марапатталды.

Пікір жазу