Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖЕТІСАЙДА «ROBOTURKISTAN» АЙМАҚТЫҚ АШЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

ЖЕТІСАЙДА «ROBOTURKISTAN» АЙМАҚТЫҚ АШЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

«ROBOTECH – 2020» технологиясы негізінде Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Түркістан облысы әдістемелік кабинетінің, Жетісай аудандық білім бөлімі мен «ROBOTURKISTAN» Түркістан облысы білім беру және спорттық робототехника федерациясының ұйымдастыруымен аймақтық ашық чемпионаты болып өтті деп жазады Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.


Сызық бойымен жүру, робосумо-интеллектуалды ойыны, робосумо, кегельринг-квадро және бәйге сынды сынды 5 санаттан тұрған сайысқа Жетісай және Мақтаарал аудандарынан 60 командада 120 оқушы қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының шешімімен «Сызық бойымен жүру» санатында ІІІ орынды Мақтаарал ауданының «Абылайхан» атындағы жалпы орта мектебі иеленсе, ІІ орын Жетісай ауданының «Жеңіс» мектеп-гимназиясына, І орын Жетісай қаласының N9 «Д.Қонаев» IT мектеп-лицейіне бұйырды.
Ал, робосумо-интеллектуалды ойыны бойынша ІІІ орынды Жетісай ауданының N9 «Д.Қонаев» атындағы IT мектеп-лицейі, ІІ орынды Жетісай ауданынан «М.Мәметова» жалпы орта мектебі, І орынды Жетісай қаласының «М.Горький» мектеп-гимназиясы иеленді.
Сонымен қатар, робосумо санатында ІІІ орын Мақтаарал ауданының «О.Бапышев» мектебі, ІІ орын Мақтаарал ауданынан келген «Қ.Сәтпаев» мектебі, І орын Жетісай ауданының «Асықата» мектебіне бұйырса, кегельринг-квадро санатында сынға түскен Жетісайлық «Асықата» мектебі ІІІ орынға ие болса, ІІ орын Жетісай ауданының «Ә.Молдағұлова», І орын «Жеңіс» мектеп-гимназиясының қанжығасына байланды.


Бәйге санатында бағын сынаған командалардың ішінен І орын Мақтаарал ауданынан келген «Ғ.Мүсірепов» мектебіне бұйырса, ІІ орынға Жетісай ауданының «Асықата» мектебі, ал, ІІІ орынға Жетісайлық «Жеңіс» мектеп-гимназиясы табан тіреді.
Айта кетейік, бүгінде Жетісай ауданында аудан әкімі Жамантай Қанайұлының қолдауымен 13 мектеп робототехникалық құрал-жабдықтармен қамтылған. Биылғы жылы аудан басшысының қамқорлығымен тағы 3 мектепте IT-сынып ашуға жергілікті қазынадан 24 млн 147 мың теңге қаржы қаралып отыр.

 

 

Пікір жазу