Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КЕЛЕС: АРДАГЕРЛЕРГЕ ТАҒЗЫМ ЕТІЛДІ!

КЕЛЕС: АРДАГЕРЛЕРГЕ ТАҒЗЫМ ЕТІЛДІ!

«Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында партияның Келес аудандық филиалы мен Келес аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің шектеулі құрамының Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толу мерекесіне орай Ауған соғысында қаза болған жерлестерімізді еске алуға арналған жасөспірімдер арасында дзю-до күресінен ауданның ашық біріншілігі өтті.

Жарысқа Шымкент және Арыс қалаларынан, сондай-ақ Төлеби, Қазығұрт, Сарыағаш, Мақтарал, Шардара, Жетісай және Келес аудандарынан барлығы 150-ге жуық жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысты.
Жарыстың ашу салтанатында «Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Жұмабеков Ахмет Әбдіраманұлы, Ауған соғысының ардагерлері Пирсейтов Рысдәулет Тұрдыұлы мен Есжанов Қылышбек Қарлыбайұлы және аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ақментаев Нұржан Жақсылықұлы сөз сөйлеп, Ауған жерінде қаза болған 5 ардагерді бір сәт үнсіздікпен еске алып, жастарға отансүйгіштік-патриоттық бағытта насихат айтып, балуандарға додалы жарыста сәттілік тіледі!


Жарыс қорытындысымен жүлделі орын алған балғын спортшылар тиісті дәрежедегі грамоталар, медальдар және сыйлықтармен марапатталды.

Пікір жазу